Алматы қ., әл-Фараби даңғылы 77/7, Есентай Тауэр БО, 11 қабат.

Жаңалықтар

2020 жыл – «Исткомтранс» ЖШС үшін

2020 жылдың тасымалдау көлемін талдай отырып, 2019 жылға қарай тасымалдау көлеміне қатысты айтарлықтай құлдырау болған жоқ. Бұл компанияның тиімді топтық жұмысының және клиенттермен орната алған берік қарым-қатынасының арқасында мүмкін болды.

"Исткомтранс" екі бағытта табысты дамуда:

  • Халық тұтынатын тауарлар (ХТТ) сегментінің контейнерлеріндегі жүктерді тасымалдаудың жалпы көлемі жыл соңында тасымалданған контейнерлердің кемінде 18 000 ЖФЭ (жиырма футтық эквивалентін) құрады. Қазіргі уақытта компания осы сегментте агрессивті даму стратегиясына ие және "Nestle", "Leroy Merlin", "LG", "Samsung" сияқты компаниялардың және өз саласындағы басқа да өндіріс көшбасшыларының тендерлеріне қатысуға өтінім берді.
  • Қара металлургия сегментінің контейнерлік тасымалы жыл соңында күтілетін нәтиже бойынша шамамен 150 000 тонна.

Айта кету керек, "Исткомтранс" компаниясы авто жинақтардың "Астана Моторс" компаниясы үшін Түркиядан Алматыға интермодальдық тасымалдануын ұйымдастыруда өзінің тиімділігін дәлелдеді, осылайша тасымалдаудың осы сегментінде өз құзыретін күшейтті. Жемісті ынтымақтастықтың нәтижесі – 2021 жылға арналған "Астана Моторс" компаниясымен шарттық қатынастардың ұзартылуы болды.

"Исткомтранс" компаниясы "Нұрлы Жол" инфрақұрылымды дамытудың 2020 – 2025 мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда Қазақстан Республикасында темір жол желісінде тасымалданатын жүктерді контейнерлеуді дамыту саласында белсенді қатысушы болып табылады.

Бізге хат жазыңыз eastcom@ect.kz немесе қоңырау шалыңыз +7 (727) 3 555 111

Егер Сіз тапсырыс қалдырғыңыз келсе немесе Сізде сұрақтар туындаса, өтінеміз, бізге хат жазыңыз.

Компания туралы

«Исткомтранс» ЖШС Қазақстанда және Орталық Азияда жылжымалы құрамның аса ірі жеке операторы.

Байланыстар

Алматы қ.,
әл-Фараби даңғылы 77/7, Есентай Тауэр БО, 11 қабат.

+7 (727) 3 555 111
+7 (727) 3 555 222