Алматы қ., әл-Фараби даңғылы 77/7, Есентай Тауэр БО, 11 қабат.

Басшылық

Image Description

Абайдельдинов Алмас Ерболұлы

БАС ДИРЕКТОР

Алмас 1984 жылы дүниеге келген. 2005 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультеті әлемдік экономика мамандығын бітірді. 2008 жылы ол КИМЭП-тен MBA (қаржы) алды. 2011 жылы Лондон бизнес және қаржы мектебінде оқуды аяқтады. Алмас өзінің кәсіби мансабын 2005 жылы «Tenir Proekt» ЖШС консалтингтік компаниясында кіші кеңесші ретінде бастады (қаржы, бизнесті бағалау, есеп). 2006 жылы «Мойнақ СЭС» АҚ қаржылық талдау бөлімінің бас менеджері болып жұмыс істеді. 2006-2007 жылдар аралығында «Мобил-Строй» ЖШС / «Ана-Жер Құрылыс» ЖШС қаржы директоры қызметін атқарды. 2007-2008 жылдары ол Eurasia Financial Management Consulting Ltd инвестициялық жобалар департаментінің менеджері болды, онда инвестициялық жобаларды іздеумен және талдаумен, активтерді сатып алу-сату операцияларын қолдау және құрылымдаумен айналысқан. 2008 жылдан 2020 жылға дейін Алмас Kusto Group холдингінде басшылық қызметтер атқарды және соңғы 6 жыл ішінде әр түрлі елдердегі бірнеше зауыттарды қамтитын Құрылыс материалдары бөлімін басқарды. 2022 жылдың 24 мамырында Алмас Ерболұлы «Исткомтранс» ЖШС бас директоры болып тағайындалды.

Image Description

Елгелдиева Аида Мүсірханқызы

ҚАРЖЫ ДИРЕКТОРЫ

25.05.1975 жылы дүниеге келді. 2005 жылы Алматы экономика және статистика институтын «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірді; 1997 жылы Алматы энергетика және байланыс институтын «Радиотехника және байланыс» мамандығы бойынша бітірді. 2008 жылы HEC_Paris француз бизнес мектебі мен Халықаралық бизнес академиясының ExecutiveMBAбағдарламасын бітірді, сондай-ақ CAP – бухгалтерлер кәсіби қауысдастығының сертификатталған мүшесі атанды. 2003 - 2014 жылдары Қазақстан Қағазы компаниялар тобының ірі өндірістік холдингінде жұмыс істеп, қағаз комбинатының бас бухгалтері, қаржы директоры, Басқарушы / Қаржы директоры, Каржы жөніндегі кеңесші лауазымдарын иеленді. 2015 жылы Қаржы басқармасының бастығы лауазымында «Исткомтранс» ЖШС-ға қосылды, қазіргі сәтте қаржы жөніндегі директоры лауазымын иеленеді.

Image Description

Утепбергенов Мақсат Ерланұлы

Ақпараттық технологиялар жөніндегі директор

1988 жылы 27 шілдеде дүниеге келген. 2010 жылы Алматы энергетика және байланыс институтын «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша бітірді. Өзінің еңбек жолын 2007 жылы Globaline Communications ЖШС және «Intelligent Computer Services» ЖШС IT компанияларында бастап әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2010 жылы «Исткомтранс» ЖШС құрамына кірді. «Исткомтранс» компаниясы жүйе әкімшісінен ақпараттық технологиялар департаментінің директорына дейін өтті. 2013 жылдан бастап 2015 жылға дейін Германияда RWTH «Бағдарламалық қамтамасыз етуді жобалау» магистратурасында оқыды.

Бізге хат жазыңыз eastcom@ect.kz немесе қоңырау шалыңыз +7 (727) 3 555 111

Егер Сіз тапсырыс қалдырғыңыз келсе немесе Сізде сұрақтар туындаса, өтінеміз, бізге хат жазыңыз.

Компания туралы

«Исткомтранс» ЖШС Қазақстанда және Орталық Азияда жылжымалы құрамның аса ірі жеке операторы.

Байланыстар

Алматы қ.,
әл-Фараби даңғылы 77/7, Есентай Тауэр БО, 11 қабат.

+7 (727) 3 555 111
+7 (727) 3 555 222