Алматы қ., әл-Фараби даңғылы 77/7, Есентай Тауэр БО, 11 қабат.

Жаңалықтар

«Исткомтранс» компаниясы 26 және 29 желтоқсан күндері Мәскеуден Алматыға жүретін контейнерлік пойыздардың іске қосылғаны туралы хабарлайды.

2020 жылдың желтоқсанында «Исткомтранс» компаниясы Мәскеуден Қазақстанға жүретін алғашқы контейнерлік пойызды іске қосты. Пойызда халық тұтынатын тауарлар және DIY сегментінің құрылыс материалдары сияқты жүктерді жеткізу табысты жүзеге асырылды.

Бүгін біз Мәскеуден Алматыға жүретін контейнерлік пойыздың құрамында темір жол бойынша контейнерлерде жүктерді жедел жеткізудің ыңғайлы кестесі туралы қуана хабарлаймыз.

Жоспарланған жүктерді жеткізу 2020 жылғы 26 желтоқсанда және 29 желтоқсанда жүзеге асырылады, сондай-ақ тасымалдау көлемі ұлғайған жағдайда біз қосымша пойызды ұсыну мүмкіндігін қарастыруға әрқашан дайынбыз.

Жүктерді контейнерлерде жеткізудің транзиттік уақыты 6 тәуліктен аспайды.

Жүктерді темір жолмен тасымалдау жеткізудің кез келген тәсілдерінен өзінің тұрақтылығымен, қолайлы бағаларымен және жылжымалы құрамның жоғары жылдамдығымен ерекшеленеді. Сондықтан контейнерлік тасымалдау – бұл тауар партиясының көлеміне қарамастан жүктің сақталуына, жедел жеткізілуіне және қауіпсіздігіне берілген кепілдігіңіз.

Қызмет туралы толық ақпарат алу үшін сату департаментіне хабарласыңыз:

Алматы қ. Мәскеу қ.
Email: eastcom@ect.kz Email: igonina@ect.kz
Тел: +7 727 3 555 111 Ирина Игонина, Менеджер по продажам
Моб (WhatsApp): +7 903 629 72 40, +7 903 597 51 18

Бізге хат жазыңыз eastcom@ect.kz немесе қоңырау шалыңыз +7 (727) 3 555 111

Егер Сіз тапсырыс қалдырғыңыз келсе немесе Сізде сұрақтар туындаса, өтінеміз, бізге хат жазыңыз.

Компания туралы

«Исткомтранс» ЖШС Қазақстанда және Орталық Азияда жылжымалы құрамның аса ірі жеке операторы.

Байланыстар

Алматы қ.,
әл-Фараби даңғылы 77/7, Есентай Тауэр БО, 11 қабат.

+7 (727) 3 555 111
+7 (727) 3 555 222